Өскемен қаласы әкімдігінің
«Оқу-өндірістік комбинаты» КММ
+7 7232 225862

Жоғарғы жалпы білім беретін мектеп қызметінің мақсаты жаратылыстану-математикалық бағытта оқытумен жалпы білім беретін бағдарламалары свапалы меңгеру, сонымен қатар, кәсіби бағыт бағдар жұмысы және болашақ мамандықты, оқушылардың тереңдетілген, бейінді, дифференциялық оқытуды қарастыратын қосымша жалпы білім беретін бағдарламаларды таңдау аясында жағдай жасау болып табылады. Жоғарғы жалпы білім беретін мектеп 2013-2014 оқу жылы ашылды. Мектепке өзге мектептер, қала және облыс колледждерінен оқушылар келеді. Қазіргі таңда 43 оқушы бар, оның 11 мектеп бітіруші.
Мектептің материалдық-техникалық базасы оқушыларды тиімді оқытуға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, әртүрлі жұмыс мамандықтарына бағыттауға мүмкіндік береді. «Технология» пәніне оқушылар мен ата-аналар талаптары бойынша әртүрлі бейінді курстарда оқытылады. Мектеп ЖОО (ШҚМУ, ШҚМТУ, ҚАЕУ), колледждер (Өскемен қаласының барлық колледждері), қала және облыстың ірі кәсіпорындарымен серіктестікте, қажетті деңгейде кәсіби бағыт бағдар жұмысы жүргізіледі. Біздің балаларда еңбек нарығының жағдайын білуге және өзіне сәйкес мамандықты таңдауға мүмкіндіктері бар. Біздің мектепте балаларға оқу қызық болып табылады, олар талаптары бойынша бейінді курстар мен таңдау бойынша курстарды таңдайды. Мектеп қызметі мамандықтың практикалық дағдыларын алу, «Технология» пәнін тереңдетіп оқыту және «Автоісі» курсын міндетті оқытуға бағытталған. Біздің мектептің түлегі орта білім беру туралы аттестатпен бірге қосымша «В» санатты жүргізуші» курсы туралы куәлік, мамандық туралы ҚАЕУ колледжінің сертификатын алады.

Бет өзгертілді: 14-07-2017