Өскемен қаласы әкімдігінің
«Оқу-өндірістік комбинаты» КММ
+7 7232 225862

ОҒҚ логотиптері республикалық байқауының қорытындысы

2019 жылдың қыркүйек айында «Білім берудегі инновациялар» ғылыми-әдістемелік журналының редакциялық алқасы мектеп оқушыларының ғылыми қоғамының үздік логотипіне (эмблемасы, символы) республикалық байқау ұйымдастырды. Байқау туралы ережені біздің журналдың алдыңғы шығарылымынан көруге болады (№4(43) тамыз 2019 ж 56-58 бет).

Байқаудың мақсаты - қатысушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту, оларды практикалық қызметте ақпараттық технологияларды белсенді пайдалануға тарту, сонымен қатар ОҒҚ қызметін танымал ету үшін креативті идеялар мен формаларды анықтау, білім беру үрдісінің субъектілерін ОҒҚ позитивті бейнесін құру үрдісіне тарту.

2019 жылдың 9-20 қыркүйек аралығында байқауға қатысуға Қазақстан Республикасының мектептерінен барлығы 40 өтінім түсті. Қостанай (14 жұмыс), Шығыс Қазақстан (7), Ақмола (6) және Павлодар (5) облыстарының өңірлері неғұрлым белсенді болып шықты.

Байқау жұмыстарын бағалау кезінде бірқатар критерийлер ескерілді. Мысалы: ОҒҚ қызметінің ерекшелігінің толық бейнеленуі; бірегейлігі, идеясы; көркемдік деңгейі; есте сақталуы, ықшамдылығы; жалпы эстетикалық қабылдануы; мәтін мен эмблеманың сәйкестігі; мәтінді ресімдеуге қойылатын талаптарды сақтау; бейнеге қойылатын талаптарды сақтау.

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы орындарды төмендегідей берді:

Бас жүлде: «Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Урицкий мектеп-лицейі» КММ (Қостанай облысы)

«Поиск» ОҒҚ

Бағыты: қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық, бастауыш сыныптар

Жетекшісі: Пошатова Наталья Михайловна, физика және информатика пәнінің мұғалімі

Төрағасы: Исупов Никита , 10 сынып

 

1 орын: Қызылорда қаласы, С.Толыбеков атындағы №3 IT-мектеп-лицей

«Дарын» ОҒҚ

Жетекшісі: Сүйеуова Ш.Б., директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары

Төрағасы: Нурмухамедов Мади, 11 сынып

 

2 орын: «Калиновка орта мектебі» КММ, Ғ. Мүсірепов атындағы аудан (Солтүстік-Қазақстан облысы)

«Сигма» ОҒҚ

Бағыты: физика-математикалық, химия-биологиялық, лингвистикалық, тарихи-географиялық.

Жетекшісі: Рерих Людмила Константиновна, мектеп директорының оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары

Төрағасы: Кобялко Пётр Евгеньевич, 10  «Б» сынып

Өскемен қаласы әкімдігінің «№12 жалпы білім беру мектебі» КММ (ШҚО)

«РОСТ» ОҒҚ

Бағыты: ЖМБ, лингвистикалық, шығармашылық

Жетекшісі: Байгометов Е.М., география пәнінің мұғалімі

Төрағасы: Власова Ольга, 8 «Б» сынып

 

3 орын: Қ. Өскенбаев атындағы Қима орта мектебі (Ақмола облысы)

«Эврика» ОҒҚ

Бағыттары: ғылыми-зерттеу қызметіне қабілетті оқушыларды олардың ғылыми қызығушылықтарына сәйкес енгізу; оқушылардың зерттеу қызметін ұйымдастыру; эксперименталды және зерттеу жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету.

Жетекшісі: Васильева Юлия Юрьевна, директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары

Төрағасы: Чореску Дарья, 9 сынып

 

«Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 5 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ  (Павлодар облысы)

«Integration» ОҒҚ

Бағыты: жаратылыстану-математикалық

Жетекшілер: Елемесова Жазира Кабдрахмановна, тарих пәнінің мұғалімі; Кулакова Евгения Александровна, ағылшын тілі мұғалімі  

Төрағасы: Логинова Екатерина, 11 «А» сынып

 

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектебі» КММ

«Поиск» ОҒҚ

Жетекшісі: Примбетова Ляззат Жолдасовна, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Төрағасы: Копбаев Диас, 10 «Ә» сынып

 

Сонымен қатар, қазылар алқасы келесі қатысушылардың жұмыстарын атап өтті:

1) Павлодар қаласының Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебі

«Қайсар» ОҒҚ

Жетекшісі: Умаров Арман Алпамысович, тарих пәнінің мұғалімі

Төрағасы: Умаров Арман

 

2) Көкшетау қаласы білім бөлімінің №5 «Таңдау» көппрофильді гимназиясы» КММ

«Веста» ОҒҚ

Бағыты: жаратылыстану-ғылыми, физика-математикалық, әлеуметтік-гуманитарлық, техникалық

Жетекшісі: Плачинта Юлия Викторовна, география пәнінің мұғалімі

Төрағасы: Пех Яна, 11 «В» сынып

 

3) Өскемен қаласы әкімдігінің «Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын №38 гимназия» КММ (ШҚО)

«МЗШ» КҒА («Мәдениет Зияткер Шығармашылық» кіші ғылым академиясы): «Эврика» ОҒҚ -9-11 сыныптар, «Бастау» ОҒҚ -5-8 сыныптар,  «ТИК-ТАК» ОҒҚ - 1-4 сыныптар

Жетекшісі: Стышнова  Елена Карловна, математика пәнінің мұғалімі

Президент: Искакова Амина, 10 «Б» сынып

 

4) Өскемен қаласы әкімдігінің «№39 орта мектебі» КММ (ШҚО)

«ORION» ОҒҚ

Жетекшісі: Дмитриева Марина Геннадьевна, информатика пәнінің мұғалімі

Төрағасы: Сенгилеев Иван, 11 «А» сынып

 

Байқау жеңімпаздары дипломдармен, сондай-ақ біздің журналдағы тегін жарияланым сертификаттарымен марапатталады. Жүлдегерлер қатарына кірмеген қалған қатысушыларға қатысу сертификаттары жіберіледі.

 

Қатысу сертификаттары 15.11.2019 жылға дейін электрондық пошта арқылы жіберіледі. Қазылар алқасы атап өткен жеңімпаздар мен қатысушылардың жұмысы, марапаттау құжаттары байқау қорытындысы көрсетілген журналдың нөмірімен бірге «Қазпошта» АҚ арқылы электронды пошта бойынша телқұжатпен қоса жіберіледі.

 

Республикалық байқаудың жеңімпаздарын құттықтаймыз!

 

Біздің байқауға қатысқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз және болашақта сәттілік тілейміз!