Өскемен қаласы әкімдігінің
«Оқу-өндірістік комбинаты» КММ
+7 7232 225862

FAQ
- Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

Өскемен қаласы әкімдігінің «Оқу-өндірістік комбинаты» КММ

1. Не себептен ОӨК Өскемен қаласы мектептерінің барлығы оқытылмайды?
Жауап: Аталған сұрақ мектеп әкімшілігі деңгейінде шешілуде.
2. Оқу ақылы негізде немесе тегін жүргізіледі ме?
Жауап: «Автоісі» және қосымша оқыту сағаттарынан басқа бейіндер тегін оқытылады.
3. Бейінді аяқтағаннан кейін қандай құжат беріледі?
Жауап: Бейінді аяқтағаннан кейін сертификат беріледі. Егер оқушылар қогсымша оқытуды өткен болса, біліктілік берілумен мемлекеттік үлгідегі куәлік беріледі.
4. Бейіндерде нешінші сыныптан кейін оқыту жүргізіледі?
Жауап: оқыту 9 сыныптан 11 сыныпқа дейін жүргізіледі.
5. «Автоісі» бейінін аяқтағаннан кейін жүргізуші куәлігін алуға бола ма?
Жауап: Жүргізуші куәлігін МАИ емтихан тапсырғаннан кейін алуға болады. «Автоісі» бейінінде оқу үшін оқушыға толық 15 жасқа жету қажет, ол МАИ тіркеудің негізгі талаптары болып табылады.

Жоғарғы жалпы білім беретін мектеп

1. ОӨК қай сыныптан бастап жинақтау жүргізіледі?
Жауап: ОӨК 10 сыныптан бастап жинақтау жүргізіледі
2. Оқу қай тілде жүргізіледі?
Жауап: оқыту екі тілде жүргізіледі: мемлекеттік және орыс.
3. ОӨК мектебі қарапайым мектептен айырмашылығы қандай?
Жауап: жалпы білім беретін пәндермен қатар оқу жоспары технология («Автоісі» бейінін оқыту міндетті болып табылады) пәнін тереңдетіп оқытуды және вариативті блок сағаттары есебінен оқытуды қарастырады..
4. Сіздің мектепте оқыту қанша тұрады?
Жауап: ОӨК оқу тегін жүргізіледі.
5. Сіздің мектепке түсу үшін емтихандар тапсыру немесе тестілеу тапсыру қажет пе?
Жауап: Жоқ, мектепке оқушыларды қабылдау тізімге сәйкес құжаттарды қалбылдау тәсілімен жүргізіледі.
6. ОӨК жалпы білім беретін мектебінде оқу барысында бір бейінде ғана оқуға бола ма?
Жауап: Оқушылар бірнеше бейінде оқуды таңдай алады және оқыту аяқталғаннан кейін әрқайсысы бойынша сертификаттар алады.
7. Мектепті аяқтағаннан кейін оқушылар қандай құжаттар алады?
Жауап: Мектепті аяқтау (аттестат) туралы құжаттармен бірге бітірушілер таңдалған бейінді курстарды аяқтау туралы құжаттар алады.
8. Мектепте сабақтан тыс уақыттарда қандай іс шаралар жоспарланады?
Жауап: Спорттық секциялар, үйірмелер, салтанатты іс шаралар, тақырыптық ойын-сауық кештері.
9. Тамақтану бойынша менің балам қандай жағдайларда жеңілдіктер ала алады?
Жауап: Мектептің тәрбие бөліміндегі тізім бойынша нақты құжаттардың болуы барысында.
Бет өзгертілді: 14-07-2017